Алматы қаласы Білім басқармасының
«№22 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-05-73
Есепші бөлімі:
+7(727)392-05-71
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Француз тілін оқытудың заманауи мәселелері, тәжірибе алмасу» атты семинар
28
сәуір
2025

«Француз тілін оқытудың заманауи мәселелері, тәжірибе алмасу» атты семинар

Қазақстан мен Франция елдері арасындағы жол картасын жүзеге асыру және стратегиялық әріптестікті нығайту мақсатында Бостандық ауданының №22 мектеп-гимназиясында «Француз тілін оқытудың заманауи мәселелері, тәжірибе алмасу» атты семинар өтті. Семинар барысында Алматы қаласындағы мектептерде француз тілін оқытудың қазіргі уақыттағы мәселелері талқыланды. Іс-шараға Ренне қаласындағы Қазақстан Республикасының құрметті консулы Жанар Авард-Түребаева, EDU Stream халықаралық компаниялар тобының директоры Наталья Мухамеджанова, «Саналы Білім Баспасы» баспасының PhD докторы Дана Жантемирова, Бостандық аудандық білім бөлімінің басшысы Айгүл Қасымбек және аудан мектептерінің директорлары қатысты. Айгүл Қасымбек семинардың мақсаты Алматы мектептерінде француз тілін оқытудың заманауи тәсілдерін талқылау, табысты тәжірибелермен бөлісу және оқытудың сапасын арттыруға бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді ұсыну екенін айтып өтті. 
Семинар барысында №22, №105, №145 мектептерінің француз тілі мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісіп, педагогтер пәнді оқытуда цифрлық технологияларды қолдану мен оқытудың иновациялық тәсілімдемесі туралы баяндады.
Мектепте француз тілі кабинетінің ашылу салтанаты өтті. Заманауи үлгіде жабдықталған француз тілі кабинеті оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын оятып, тілді оқытуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. «Суреттеріміздегі Франция нұры» атты оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырырылып,  семинар қатысушылары мектеп оқушыларының орындауындағы француз тілінде оқылған өлең жолдары мен  француз тіліндегі әндерден ерекше әсер алды. Сондай-ақ, Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиадада француз тілі пәнінен  2-орын иегері, № 22 мектеп гимназияның 10-сынып оқушысы Жанель Тенді құттықтады.