Алматы қаласы Білім басқармасының
«№22 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 392-05-73
Есепші бөлімі:
+7(727)392-05-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
наурыз
2024

Кәсіптік бағдар беру

Кәсіптік бағдар беру жұмыстары 

2024 жылғы 5 наурызда Қазақстан Менеджмент, экономика және болжау институты (КИМЭП) № 22 мектеп-гимназиясының 10, 11 сынып оқушыларымен кездесіп, оқушылармен кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.  
КИМЭП өкілдері аталған оқу орнында оқыту Бакалавриат бағдарламасы бойынша: 
- Бэнг атындағы Бизнес факультетінде: Ақпараттық жүйелер бакалавры, Бухгалтерлік есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Менеджмент;
- Әлеуметтік ғылымдар факультетінде: Журналистика, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Халықаралық қатынастар, Экономика;
- Құқық мектебі факультетінде: Халықаралық құқық, Юриспруденция;
- Білім беру және гуманитарлық ғылымдар факультетінде: Когнитивтік ғылымдар, Аударма ісі және кәсіби коммуникация, Шетел тілдері білім беру бағдарламалары бойынша білім берілетіндігі туралы айтты.
Сонымен бірге кездесуде мектеп түлектеріне арналған бакалавриат бағдарламаларына құжаттарды тапсыру тәртібі мен қабылдау критерийлерін және оқу ақысы туралы түсіндірді.